"Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" соңғы қоңырау жиыны
Мектебімізде 2022 жылдың 25 мамыр күні, сағат: 09.00-де «25 мамыр – Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған Балалар жылы аясында «ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты салтанатты жиын өткізілді.
Жиынға Шу ауданы әкімінің аппарат басшысы Абай Нариман Жетпісбайұлы, Ескі-Шу ауылдық округінің әкімі Жамангараев Бақытжан Тұрғынбайұлы, Шу ауданының құрметті азаматы, ауылымыздың ақсақалы Дуанбаев Кеңесбек ата, мектеп жанынан құрылған Board of Trusteesінің төрағасы Алатаев Фрунзебек Бейсенбіұлы және ардагер ұстаздар – Қожабаева Рәткүл тәтейіміз бен Шалибекова Майра Қосуаққызы қатысты.
Салтанатты жиында жоспарланған іс-шаралар толығымен қамтылды. Атап айтсақ, 2021-2022 оқу жылындағы 48 үздік оқушылар мен түрлі халықаралық, республикалық, облыстық (қашықтан) байқаулардан орын алған 68 оқушы мен аудандық офлаин байқаулардан орын алған 28 оқушы марапатталды. Сондай-ақ, оқу жылында аудандық, мектепішілік жетістіктерге жеткен 9 мұғалім, 4 кіші қызметкер марапатталды.
Жиынға келген қонақтар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, келесі кезекте мектепке келген 10 жылдық түлектермен кездесу ұйымдастырылды.
Жиын соңында мектеп бітіруші түлектер (11 сыныпта – 9 оқушы) қоштасу вальсін билеп, олардың құметіне арналған соңғы қоңырау соғылды.
Жиынның ашылуы және жабылу салтанатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалды.