ББЖМ-2025 ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШАРАЛАРЫНА ӘЗІРЛІК » Еңбекші орта мектебі
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Version for
visually impaired
» » ББЖМ-2025 ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШАРАЛАРЫНА ӘЗІРЛІК
04
April
2025

ББЖМ-2025 ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШАРАЛАРЫНА ӘЗІРЛІК

ББЖМ-2025 ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ШАРАЛАРЫНА ӘЗІРЛІК

     Еңбекші орта мектебі ағымдағы жылы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісін өткізуге іріктеліп, мектеп әкімшілігі тарапынан дайындық жұмыстары жүргізілуде.

     Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) білім беру ұйымдарынан тәуелсіз білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігіне оқыту сапасын жүйелі бақылау болып табылады. ББЖМ тестілеу нәтижелерін дайындау мен өткізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды, кейіннен әдістемелік көмек көрсетуді және білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеуді қамтиды. 

     ББЖМ когнитивті тестілеумен сауалнамадан тұрады. ББЖМ шеңберінде білім алушылардың білімі мен дағдылары үш бағыт бойынша бағаланады: оқу, математика, жаратылыстану. ББЖМ компьютерлік форматта онлайн режимінде өткізіледі.

     Осыған байланысты мектеп әкімшілігі мектепте ББЖМ-ді ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында бекітілген мектеп үйлестірушісімен, тестілеу өткізуші, әкімші (аудитория кезекшісі) және тиісті пән мұғалімдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дайындық жұмыстарын пысықтады. 

     Атап айтсақ, мектебімізде ББЖМ 2025 жылдың 16 сәуір күні, 4 және 9-сынып оқушылары арасында өткізіледі. Биылғы 4-сыныпта барлығы 14 оқушы және 9-сыныптарда барлығы 19 оқушы ББЖМ барысында тестілеуден өтеді.

     Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі жүргізіліп, жоспарлы түрде жүзеге асырылатын болады.





Похожие публикации: