17
March
2025
БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ - ОРТАҚ МІНДЕТ!
БАЛАЛАРҒА ҚАУІПСІЗ ОРТА ҚАЛЫПТАСТЫРУ - ОРТАҚ МІНДЕТ
Бүгін, балалар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және оларға қауіпсіз орта қалыптастыру, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік шараларының сақталу мәселелерімен жеке танысу үшін елді мекендер, оның ішінде білім ошақтарын аралап, оларды шешу жолдарын бірлесе қарастыртыру мақсатында мектебімізге Шу аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Мусакулов Болат Аманұлы бастаған Шу АПБ ЖПК УПИ полиция Mayоры Саулебайұлы Қуат және басқа да полиция қызметкерлері мен Ескі-Шу ауылдық округі әкімі Абашов Нұрлан Арыстанұлы, Еңбекші ауылының ақсақалдар кеңесі төрағасы Асылхан Даданбаев есімді азаматтар келіп, мектеп тынысымен танысып, еркін форматта балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру жайында сұхбаттасу болды.
Сөз барысында мектебімізде, жалпы ауыл бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық факторларына жол берілмейтіні қозғалып, сондай-ақ мектеп әкімшілігі мен ауыл әкімі мектеп ғимаратына қарама-қарсы орналасқан жекеменшік иелікте тұрған бос ғимараттың мектеп жанында қауіп төндіру мәселесі айтылып, Болат Аманұлы тарапынан бос тұрған ғимарат иесімен сөйлесіп, оң шешімін қарастыратыны айтылды.
Өскелең ұрпақ - балалар қауіпсіздігі үшін мектеп жағдайын ескеріп, осындай бейресми кездесу ұйымдастырған аудандық полиция басшысы мен қызметкерлеріне алғыс айта отырып, істеріңізге сәттілік тілейміз!
Бірлесе отырып балаларға қауіпсіз орта құру ісіміз әрқашан оң болсын!


