Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етейік! » Еңбекші орта мектебі
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Version for
visually impaired
» » Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етейік!
13
June
2020

Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етейік!

Қымбатты ата-аналар мен балалар!

Қадірлі ауыл тұрғындары!


     Жазғы айларда күннің көзі ысып, суға шомылу маусымы да басталып кетті. Осы орайда Еңбекші орта мектебінің әкімшілігі мен мұғалімдер, жауапты қызметкерлер мен сынып жетекшілер тарапынан 2019-2020 оқу жылы барысында жалпы ата-аналар жиналыстарында, жоспарлы сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларда суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жалпы су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қауіпті су аймақтарында ескерту белгілері қойылып, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар WhatsApp желісі арқылы ата-аналар чаттарына, мектептің және мектеп директорының фейсбук парақшаларына жарияланды. Бұл жұмыстар бақылауда болып, өз жалғасын табуда.

     Дегенмен, қазіргі жазғы маусым науқанында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Еңбекші орта мектебінің әкімшілігі ЕСКЕРТЕДІ: ата-аналар мен ересектер тарапынан houseжағдайында балаларға үнемі СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАТАҢ САҚТАУ, СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ ҰСТАНУ жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет!

     Су - біздің досымыз, егер сақтық пен саналылықты сақтасаңыз!

     Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтайық! Біз біргеміз!