Мектеп оқушыларының қауіпсіздігі мен тәртібі - басты назарда!
Еңбекші орта мектебі әкімшілігі тарапынан мектептің ер балалар оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, оның ішінде оқушылар арасында буллинг, кибербуллинг, бопсалау, әлімжеттік, түнгі уақытта көшеде жүру, денсаулыққа зиян келтіретін әдеттер мен ойындар туралы, оларды болдырмау және алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналысқа қосымша "Азамат" ұл балалар клубының жетекшісі Дуйсекбаев А.Н., АӘД пәнінің оқытушысы Далабаев Н.Б. тартылып, әріптестер өздерінің ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Сондай-ақ, оқушыларға қоғамда, жастар арасында өзіндік азаматтық орны болуы үшін қазірден әдептен озбай, мектептің ішкі тәртіп ережелеріне бағыну маңызды екенін айтып, бос уақыттарында спортпен шұғылданып, кітап оқуға шақырдық.