НАЗАР САЛЫҢЫЗ!!! "Парасатты отбасы" байқауына қатысуға шақырамыз! » Еңбекші орта мектебі
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Version for
visually impaired
» » НАЗАР САЛЫҢЫЗ!!! "Парасатты отбасы" байқауына қатысуға шақырамыз!
31
August
2021

НАЗАР САЛЫҢЫЗ!!! "Парасатты отбасы" байқауына қатысуға шақырамыз!

Zhambyl region бойынша "Жамбыл-адалдық алаңы" жобалық офисі ағымдағы жылы қоғамда парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау және өңірдегі үлгілі, үздік отбасыларын анықтау мақсатында "Парасатты отбасы" байқауының жаңа маусымы өтетінін хабарлайды. Осыған орай, байқаудың аудандық кезеңі 2021 жылдың қыркүйек айының 15 күні өткізіледі. Мектепішілік кезеңі 13 қыркүйек күні өткізіледі. Байқауға қатысуға шақырамыз!

 «Парасатты отбасы» онлайн байқауының
Ережесі
 
1. Жалпы ереже
1.1 Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Zhambyl region бойынша  департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисі және Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын басшылыққа ала отырып парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, заманауи жетістіктерге лайықты парасатты тұлғаны дамыту, озат-ойлы, парасатты, қайырымды оқушыны анықтау мақсатында «Парасатты  отбасы» онлайн байқауын (бұдан әрі – байқау) өткізеді.
1.2  Мектепішілік байқауға парасатты, қоғамда белсенді, ой-өрісі кең, ізденімпаз оқушылар мен  білімгерлер өз жанұясымен қатыса алады.
                                                   
2.Байқауға қатысу шарттары
2.1. Байқауға Zhambyl regionның әртүрлі қызмет саласында жұмыс атқаратын отбасылар қатыса алады.
2.2. Байқауға қатысушы отбасылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына назар аударылады.
2.3. Мектепішілік байқауға абыройлы, парасатты және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан, креативті, жаңашыл, қайырымды әрекетімен көзге түскен отбасылар қатыса алады.
2.4. Қатысушылар әлеуметтік желілерде парасаттылық туралы ойлары және адалдықты насихаттайтын материалдарды орналастыруы қажет. Оған қоса, парасаттылық, адамгершілік үлгілерін көрсететін 4-5 минуттық сапасы жоғары ролик дайындайды. Аталған роликті әлеуметтік желілерде «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық офисіне Жамбыл адалдық алаңы хэштегімен тегтеп орналастырады.
2.5. Балалары қоғамдық іс-шараларға белсене қатысатын, парасатты, отбасы құндылықтарын қадірлейтін, спорт немесе өнермен шұғылданатын, ата-ана тәрбиесін қоғамдық өмірде көрсете алатын, көптеген әдеби-публицистикалық әдебиеттер оқыған болуы керек .
 
3. Байқаудың кезеңдері
3.1. Байқаудың мектепішілік кезеңі 2021 жылдың 13 қыркүйегінде Еңбекші орта мектебінің базасында (Еңбекші ауылы, Т.Өмірбеков к-сі, 42) өткізіледі. Contacts тел.: 87071976173
3.2. Байқаудың мектепішілік кезеңіне өтінім (Қосымша 1) 2021 жылдың 10 қыркүйекке дейін қабылданады.
Өтінімге мыналар қоса тіркеледі:
• қатысушылар туралы мәлімет (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекен-жайы, тұрғылықты мекен-жайы, телефоны);
 
4. Байқауды өткізу тәртібі
4.1. Байқаудың ережесі өңірлік бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланады.
4.2. Байқауға қатысушылардың түйіндемелері мен ұсынылған роликтері төмендегі критерийлерге сәйкес болуы керек:
1) ұсынылатын роликтердің номинацияларға сәйкестігі;
2) роликтің ішкі мазмұнының тақырыпқа сәйкес  болуы
3) роликтің негізгі идеясы мен мазмұнының ерекшелігі;
4) такырыптың негізгі идеясын аша білуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы орны.
4.3. Қорытындылау кезеңінде байқаудың қазылар алқасы үздік деп танылған отбасын анықтайды. Жұмыстарды қарау қорытындысы бойынша жүлделі «Парасатты отбасы», «Best оқырман отбасы», «Интеллектуалды отбасы», «Шығармашыл отбасы», «Көптілді отбасы», «Шеберлер отбасы», «Өнерлі отбасы», «ЖоMarch отбасы», «Саяхатшы отбасы», «Өндірістегі үздік отбасы», «Ең салауатты  отбасы»  номинациялары беріледі.
4.4. Мектепішілік байқаудың жеңімпаздары дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталады.

 
 
Қосымша 1
«Парасатты отбасы» мектепішілік онлайн байқауына қатысуға өтінім
1
Ауданы (қаласы)
2
Білім беру ұйымының атауы
3
Оқушының Т.А.Ә.
4
Ата-ананың Т.А.Ә.
5
Contacts телефондары
6
Қатысушылар саны