«Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Еңбекші орта мектебі» КММ 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі бойынша, ата-ана және оқушы тарапынан ақша жинауға, көліктерде серуендеуге, табиғатқа саяхатқа шығуға қатаң тыйым салынатындығын ескертеді!
Сондай-ақ, қазіргі таңдағы өзкті мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында:
- мектепке бітіруші түлек ретінде сыйлық бермеу;
- мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне сыйлықтар беруге тыйым салу;
- мерекеге байланысты аниматорларды жалдауға тыйым салу;
- соңғы қоңырауда мектеп оқушылары бірыңғай мектеп формасын кию;
- соңғы қоңырауда көліктерде серуендеуге тыйым салу;
- кафе немесе көңіл көтеретін орындарда отырыс жасауға, тауға немесе табиғатқа саяхат жасау сияқты ақша жиналатын және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау мақсатында жол берілмейді!
- Мектеп әкімшілігі тарапынан емтихандар кезінде ақша жинау, дастархан жаю, гүл сыйлауға болMayтынын қатаң ескертеді!
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне опат әкеледі» - деп Әл-Фараби ғұлама бабамыз айтқандай, жас ұрпаққа саналы тәлім-тәрбие беруді, оларды адалдыққа, парасаттылыққа, ашықтыққа ұстаздар болып, ата-ана болып, ең бастысы қоғам болып қолға алып тәрбиелеп, болашағымызды жарқын етейік!
Еңбекші ор та мектебінің әкімшілігі. Contacts тел. 87071976173