"ТӘЛІМІ МОЛ КЕЗДЕСУ" жоғары сынып оқушыларымен жүргізілген профилактикалық шаралар » Еңбекші орта мектебі
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Version for
visually impaired
» » "ТӘЛІМІ МОЛ КЕЗДЕСУ" жоғары сынып оқушыларымен жүргізілген профилактикалық шаралар
06
December
2023

"ТӘЛІМІ МОЛ КЕЗДЕСУ" жоғары сынып оқушыларымен жүргізілген профилактикалық шаралар

     Бүгін Ескі-Шу ауылдық округінің ақсақалдар алқа кеңесінің төрағасы Кунчашев Естай Иманбайұлы, Аналар қоғамының төрайымы Шоманова Зурахан Нашарбайқызы мен учаскелік полиция инспекторы Саулебайұлы Қуат мектебімізге арнайы келіп, жоғары сынып оқушыларымен ұлттық құндылықтарды насихаттау, балалар мен жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында салиқалы кездесу ұйымдастырып өткізсе, мектеп директоры Т.Майкеев жауапты мамандармен бірлесе отырып, жоғары сыныпта білім алатын ұл балалармен және қыз балалармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын, яғни құқықбұзушылықты болдырмау, қауіпсіздік шараларының жүзеге асырылуы және біртұтас тәрбие жұмыстарының жүргізілуі, олардың маңыздылығы туралы кездесу өткізіп, аталған шаралардың жүргізілуі қатаң бақылауда болатынын жеткізді. Кездесуге қатысқан барлық оқушылар өздерінің тарапынан түсіністік танытып, құқықбұзушылыққа жол бермей, тәртіптің сақталуын қолдайтындарын жеткізді.

     Ал мектеп әкімшілігі өз тарапынан жоғарыдағы кездесуге атсалысқан азаматтарға зор алғысын білдіреді және де балалар мен жасөспірімдер қауіпсіздігі бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.