Балалар мен жасөспірімдердің тәртібі мен қауіпсіздігі басты назарда » Еңбекші орта мектебі
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Version for
visually impaired
» » Балалар мен жасөспірімдердің тәртібі мен қауіпсіздігі басты назарда
20
September
2023

Балалар мен жасөспірімдердің тәртібі мен қауіпсіздігі басты назарда

   Еңбекші орта мектебінде 2023-2024 оқу жылының басталуына орай, 7-11 сынып оқушыларының ұл балалар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналыстар өткізілді. 
   Ұлдар жиналысында балалардың өмір қауіпсіздігі басты назарда екенін ұстана отырып, олардың арасында заңбұзушылықты болдырмау, мектептегі буллингтің алдын алу, әлімжеттікке жол бермеу, түнгі уақытта көшеде, ойын-сауық орындарында ата-анасы немесе оларды алмастыратын заңды өкілдерінсіз жүруге болMayтыны туралы және зиянды заттарды пайдалану зияны мен зиянды әдеттерден арылу туралы, сондай-ақ олардың жауапкершілігі туралы, қазақтың маңызды қағидасы - "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" ұғымының маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстана отырып, ұл балаларға спорттық шараларға көптеп қатысу ұсынылды.
   Жиналысқа мектеп директоры Т.Ж.Майкеев, ДТІЖО А.А.Жапсарбаев, дене шынықтыру пәні мұғалімдері А.Дүйсекбаев пен А.Аманкулов, АӘД пән мұғалімі Н.Далабаев және мектеп психологы Н.Баясова қатысты. Жиналыс соңында "Азамат" ұлдар клубының мүшелері сайланып, құрамы нақтыланды.
   Алдағы уақытта мектептің ұл балаларымен тәрбие жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасатын болады.