Азаматтық қорғаныс. Кезекті сейсмикалық жаттығу » Еңбекші орта мектебі
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Version for
visually impaired
» » Азаматтық қорғаныс. Кезекті сейсмикалық жаттығу
23
февраль
2024

Азаматтық қорғаныс. Кезекті сейсмикалық жаттығу

Еңбекші орта мектебінде Zhambyl region әкімдігінің 2024 жылғы 20 ақпанда бекітілген «Zhambyl region аумағында жалпы облыстық сейсмикалық жаттығу өткізу туралы» жоспарына және Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 144 «Жалпымектептік сейсможаттығуға дайындық және өткізу туралы» бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 23 ақпан күні «Жер сілкінісі орын алғанда оқытушылар құрамы мен оқушылардың іс-әрекеттері туралы» тақырыбында сейсможаттығу ұйымдастырылып, өткізілді. 

Сейсмикалық жаттығуға екі ауысымда білім алатын жалпы 155 оқушы мен 43 педагогикалық және техникалық қызметкерлер қатысты. 

Жоспарға сәйкес, мектеп ұжымымен және білім алушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бұйрық бойынша бекітілген барлық жауапты тұлғалар жаттығу барысында білім алушылар мен қызметкерлерді қауіпсіз жерге шығарып, кезекші педагогтер сыныптағы оқушы саны мен олардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылғандығы туралы есеп берді. Ғимараттан шығып үлгермеген оқушылар қауіпсіз аймақтарға орналасса, құтқарушы топтар ғимаратты барлап, қалып қойған адамдарды сыртқа шығарды. Мектеп медбикесі өз тарапынан (шартты түрде) жарақаттанған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетті. 

МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ ЕСКЕРТЕДІ!

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ОРЫН АЛҒАН ЖАҒДАЙДА:

«112» жедел құтқару қызметі немесе «101» өртке қарсы қызмет телефон номерлеріне байланысуға болады!