"ҰБТ-2024" дайындық барысындағы түсіндіру жұмыстары » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҰБТ-2024" дайындық барысындағы түсіндіру жұмыстары
20
ноябрь
2023

"ҰБТ-2024" дайындық барысындағы түсіндіру жұмыстары

         Бүгін Шу аудандық білім бөлімінің қолдауымен кестеге сәйкес, тестілеу орталығының спикері Гүлманат Раушанбекқызы мектебіміздің 11-сынып түлектерімен, олардың ата-аналарымен және педагогтармен "ҰБТ-2024" бойынша онлайн форматта түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
         Сондай-ақ, кездесу соңында мектеп директоры Майкеев Т.Ж. 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына, жауапты педагогтерге биылғы ҰБТ-ге дайындық жұмыстарына белсене қатысып, зор жауапкершілікті атынтуды сұрап, туындаған, көкейде жүрген сұрақтарға жауап берді.
         Биылғы оқу жылында мектепте 11-сыныпта барлығы 9 оқушы білім алады, олардың ішінде 8 оқушы ҰБт-ға қатысуға ниет білдірсе, 1 оқушы өз еркімен (әскер қатарына бару мақсатында) бас тартты. 8 оқушының ішінде 3 оқушы шығармашылық бағытта тапсыруға ниетті.
         Қазіргі таңда мектеп түлектерінің ҰБТ-ге дайындығы жоспарлы түрде жүргізілуде.