ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ
14
март
2025

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

     Еңбекші орта мектебінде Шу аудандық білім бөлімінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы №42 бұйрығымен құрылған Қамқоршылық кеңестің өкілеттік мерзімі 3 жыл өтуіне байланысты тоқтатылып, ағымдағы жылы қайта жаңа құрамды құру мақсатында мектеп тарапынан хабарлама жасалып, Қамқоршылық құрам мүшелігіне келісімдер жинақталып, мектептің жалпы ата-аналар жиналысында қаралып, 2025 жылғы 6 ақпандағы №1 хаттама шешіміне сәйкес аудандық білім бөліміне ұсыныс тапсырылған болатын.

   Нәтижесінде Шу аудандық білім бөлімі тарапынан құрамы қаралып, аудандық білім бөлімінің 2025 жылғы 6 наурыздағы №181 бұйрығымен Еңбекші орта мектебінің жаңа Қамқоршылық құрамы бекітілді.

     Осыған байланысты мектепте ағымдағы жылдың 14 наурыз күні Қамқоршылық кеңесі құрамы шақыртылып, құрам ішінен кеңес төрағасы мен хатшысы сайланып, аудандық білім бөлімі бұйрығымен таныстырылды.Сондай-ақ, кеңес құрамы мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, алдағы атқарылатын жұмыстардың іс-шаралар жоспарын талқылап, нақтыланған іс-шаралар жоспары Қамқоршылық кеңесі төрағасымен бекітіліп, мектеп директорымен келісілді.

     Мектеп жанынан құрылған Қамқоршылық кеңесі құрамын тағайындауларымен құттықтай отырып, жұмыстарына сәттілік тілейміз!