COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуге бөлінген қаржының жұмсалуы туралы есеп беру » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуге бөлінген қаржының жұмсалуы туралы есеп беру
02
октябрь
2020

COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуге бөлінген қаржының жұмсалуы туралы есеп беру

     Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2020 жылғы 01 қыркүйектегі №01-4091 хатын орындау және Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің хатына сәйкес, Еңбекші орта мектебінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 29-тармағын орындау мақсатында, COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз етуге бөлінген қаржының жұмсалуы бойынша ата-аналармен және мектеп ұжымымен санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, есеп беру кездесулері өткізілді.
     Кездесу барысында мектеп директоры Майкеев Т.Ж. қатысушыларға Еңбекші орта мектебі шалғай ауылда орналасқан шағын жинақты мектеп болғандықтан, санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, штаттық (дәстүрлі) режимде оқу үдерісін ұйымдастырып отырғанын және қазіргі карантин кезеңінде мектепте білім алушылар мен қызметкерлердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитарлық қауіпсіздік шараларын орындау мақсатында аудандық білім бөлімі тарапынан жалпы сомасы 687.810 теңгеге 100 дана санитайзер, 2 дана кварц. лампасы, 2 дана дозатор, 5 дана коврик және 2 дана тепловизор берілгені, сондай-ақ, карантин күшейіп, қашықтан оқуды ұйымдастыру жұмыстары туындаған жағдайда, оқушыларды толық АКТ құрылғыларымен қамтамасыз ету үшін аудандық білім бөлімі тарапынан жалпы сомасы 2.213.000 теңгеге 7 дана моноблок және 10 дана планшет берілгені туралы айтып, есеп берді.