Білім беру ұйымын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есептік жиналыс » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім беру ұйымын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есептік жиналыс
30
май
2020

Білім беру ұйымын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есептік жиналыс

   Еңбекші орта мектебінде 2020 жылдың 29 мамыр күні пандемияға байланысты карантин кезінде қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2020 жылғы 19 мамырдағы шығыс №05-5051 хатына сәйкес, «Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына жүргізілген талдау нәтижесін талқылау бойынша 2020 жылғы 1 сәуір күнгі отырыстың хаттамалық тапсырмасы» негізінде мектеп директоры Т.Майкеев қамқоршылық кеңесімен бірлесе отырып, оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде білім беру ұйымын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп берді.

   Есеп беру жиналысына қамқоршылық кеңесі төрағасы мен мүшелері, ата-аналар комитеті төрайымы мен сыныптар бойынша ата-аналар комитеті төрайымдары қатысты.

    Күн тәртібінде қаралған негізгі тақырып бойынша қамқоршылық кеңесінің төрағасы мен ауыл тұрғындары қанағаттанарлық баға беріп, қатысушылар қолдау көрсетті. Сондай-ақ жиналыста одан бөлек мектеп өміріне қатысты өзекті мәселелер қозғалып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу шаралары үнемі жүзеге асырылуы тиіс екені айтылды.

    Сөз соңында, жиналысқа қатысушы жергілікті полиция қызметкері мен мектеп әкімшілігі ата-аналардан және ауыл тұрғындарынан карантин кезеңінде сабырлық пен түсіністік танытып, жаз айларында балалар мен жасөспірімдердің құқықбұзушылыққа жол бермеуін, сондай-ақ су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтануын талап етті.