РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАҒЫ КЕЗЕКТІ СЕССИЯ КЕЗІНДЕГІ ҚЫЗЫҚТЫ ІС-ШАРА » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАҒЫ КЕЗЕКТІ СЕССИЯ КЕЗІНДЕГІ ҚЫЗЫҚТЫ ІС-ШАРА
21
апрель
2025

РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАҒЫ КЕЗЕКТІ СЕССИЯ КЕЗІНДЕГІ ҚЫЗЫҚТЫ ІС-ШАРА

РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТАҒЫ КЕЗЕКТІ СЕССИЯ ІС-ШАРАСЫ

     2025 жылдың 21 сәуір күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің акт залында, кезінде белгілі журналист, қазақтың жанашыр азаматы Бейсен Құранбек ағамыз жүргізген «Айтуға оңай» бағдарламасы желісімен «Телефонға телмірген ғұмыр» тақырыбында тамаша іс-шараға арнайы қонақ ретінде шақырылып, өзекті тақырыптың талқылауына қатысып қайттық. Аталған іс-шараға ата-аналар қауымы, аудандық білім бөлімінен, білім беру саласы мен медицина саласының мамандары және тірек мектебі мен магниттік мектептердің жоғарғы сынып оқушылары қатыстырылды. Іс-шараны әріптесіміз Бекнар Сайлаубаев жүргізіп, тақырыпқа сәйкес шара барысында оқушылар мен педагогтер қазіргі смартфон, гаджеттердің адам өмірінде алып жатқан орны, олардың зияны мен пайдасы туралы монолог, көріністер қойып, тиісті бейнерлоликтер арқылы жеткізе білді.

     Расында, қазіргі цифрландыру кезеңінде жастар мен балаларға аталған құрылғыларды тиімді қолдануды үйретпесек, санамызды улап, жақсылыққа апармайтыны анық. 

     Осы бағытта ұйымдастырылған іс-шарада өзіміз және сала мамандары ата-аналар мен оқушы жастарға ойларымызбен бөлісіп, пайдалы кеңестер бердік.

     Осындай мағыналы іс-шараның ұйытқысы болған М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің басшысы Махаббат Төлегенқызына, директордың эксперименттік істер жөніндегі орынбасары Баян Ниатуллақызы мен Ардана ханым мен Бекнар әріптестерге және барша ұйымдастырушыларға зор алғыс білдіре отырып, еңбектеріңізге толғай табыстар тілеймін! 

     Тірек мектебі мен магниттік мектептер арасында жүргізіліп жатқан істеріміз әрқашан оңды болсын!