БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ ШАРАЛАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ
Мектепте білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру туралы
Еңбекші орта мектебінің директоры Майкеев Т.Ж. 2025 жылдың 19 ақпан күні, бастауыш және негізгі пән мұғалімдерімен және жауапты қызметкерлермен ағымдағы жылдың сәуір айында мектепте 4 және 9 сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларына» сәйкес Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы 2025 жылдың сәуір айында орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (бұдан әрі - ББЖМ) өткізуіне орай дайындық жұмыстарын жүргізу, ББЖМ-ге дайындық барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары» басшылыққа ала отырып 4 және 9 сынып оқушыларының оқу, математика және жаратылыстану бағыттары бойынша білімдері мен дағдыларын пысықтауды тапсырып, олардың ұлттық білім беру деректер қорында (ҰБДҚ) деректерін жаңарту қажеттілігі туралы айтты.
Сондай-ақ, мектеп бойынша ББЖМ өткізу барысында ең бастысы академиялық адалдықты сақтау әрбір педагог міндеті екенін, осы бағытта оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу және алдағы уақытта жалпы білім беру процесіне қатысушылардың түсініктерін қалыптастыру үшін кездесулер өткізіп, ББЖМ өтетін аудитория, яғни компьютерлік сыныпты және ондағы компьютерлік құрылғылар мен интернет жүйесін тестілеуге әзірлеу үшін атқарылатын жұмыстарды атап, дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

