"Дені сау ұлт - Ел болашағы" атты мини футболдан аймақтық жарыс » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Дені сау ұлт - Ел болашағы" атты мини футболдан аймақтық жарыс
08
октябрь
2021

"Дені сау ұлт - Ел болашағы" атты мини футболдан аймақтық жарыс

     Шу ауданы Еңбекші ауылында, 2021 жылдың 8 қазан күні, Еңбекші орта мектебінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мұғалімдер арасында «Дені сау ұлт – ел болашағы!» атты аймақтық мини футбол турнирі өткізілді.

Аталған турнирге аймақ бойынша Домалақ-Ене атындағы орта мектебі, Б.Момышұлы атындағы орта мектебі және Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі командалары жоғары белсенділікпен қатысты. 

     Турнир өзара тартысты өтті. 

     Нәтижесі бойынша: Б.Момышұлы о.м. командасы жүлделі бірінші орынға ие болса, Домалақ-Ене о.м. командасы жүлделі екінші орын және Ш.Уалиханов о.м. командасы жүлделі үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ қатысушы командалардан үздік танылған ойыншылар да марапатталды. 

     Осы орайда, Еңбекші орта мектебінің әкімшілігі турнирге қатысушы әріптестерімізге белсенділіктері үшін алғыстарын білдіре отырып, жеңістерімен құттықтайды.