ЖАЗ АЙЛАРЫНДА СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ » Еңбекші орта мектебі
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Версия для
слабовидящих
» » ЖАЗ АЙЛАРЫНДА СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ
27
июнь
2018

ЖАЗ АЙЛАРЫНДА СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ

                                                    ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ: ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ!
 
      Міне, мектеп оқушылары, яғни балаларымыз үшін көптен күткен жазғы демалыс күндері де басталып кетті. Жаз айларындағы ең ұзақ демалыс күндерді балаларымыз қызықты әрі есте қаларлықтай өткізу үшін міндетті түрде суға шомылады. Алайда, суға шомылу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Білсе де дұрыс сақтамайды.
      Осыған байланысты, суға шомылу кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және суда балалардың қаза болуы жағдайларына жол бермеу мақсатында төмендегі ережелерді қатаң ұстануды ескертеміз.
      Маусым-тамыз айларында балаларға бақылау жасау ересектер тарапынан әлсірейді. Ата-анасының жеткіліксіз көңіл бөлуі салдары орны толмас оқыс жағдайларға апарады.
      Балаңызды су жағасында қарауысыз қалдырмауларыңызды өтінеміз!

      ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

Ø Қоршау белгісінен әрі жүзуге!
Ø Тыйым салынған орындарда суға түсуге!
Ø Балаларды қараусыз қалдыруға!
Ø Суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға!
Ø Суда ойнауға!
Ø Жалған айқай, қатер белгісін беруге!
Ø Өтіп бара жатырған катерге, қайыққа жақын жүзуге!
Ø Көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге!
Ø Тамақ ішкен бойда суға түсуге!
Ø Таныс емес жерге сүңгуге!
Ø Дауылды күні немесе күшті соқпа толқыны бар жерлерде суға түсуге!
Ø Балдырлары бар шалшықты суға түсуге!

   ШОМЫЛУШЫЛАРҒА КЕҢЕС!

Ø Суға абайлап түс.
Ø Жүзу білмесең, суға белден аса тереңдікке барма.
Ø Жалғыз шомылмауға тырыс.
Ø Егер де ағысы қатты суға түсіп кетсең, ағысқа қарсы жүзуге тырыспа, оған шамаң жетпейді. Мұндай жағдайда жағаға жақындайтындай болып ағыс бойымен жүзуің керек.
Ø Көмекке шақырудан ешқашан ұялма.
Ø Балалардың суға шомылуы тек ересектердің бақылауымен жүргізілуі керек.