ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ » Еңбекші орта мектебі
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Версия для
слабовидящих
» » ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ
14
март
2025

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

     Еңбекші орта мектебінде Шу аудандық білім бөлімінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы №42 бұйрығымен құрылған Попечительский советтің өкілеттік мерзімі 3 жыл өтуіне байланысты тоқтатылып, ағымдағы жылы қайта жаңа құрамды құру мақсатында мектеп тарапынан хабарлама жасалып, Қамқоршылық құрам мүшелігіне келісімдер жинақталып, мектептің жалпы ата-аналар жиналысында қаралып, 2025 жылғы 6 ақпандағы №1 хаттама шешіміне сәйкес аудандық білім бөліміне ұсыныс тапсырылған болатын.

   Нәтижесінде Шу аудандық білім бөлімі тарапынан құрамы қаралып, аудандық білім бөлімінің 2025 жылғы 6 наурыздағы №181 бұйрығымен Еңбекші орта мектебінің жаңа Қамқоршылық құрамы бекітілді.

     Осыған байланысты мектепте ағымдағы жылдың 14 наурыз күні Попечительский советі құрамы шақыртылып, құрам ішінен кеңес төрағасы мен хатшысы сайланып, аудандық білім бөлімі бұйрығымен таныстырылды.Сондай-ақ, кеңес құрамы мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, алдағы атқарылатын жұмыстардың іс-шаралар жоспарын талқылап, нақтыланған іс-шаралар жоспары Попечительский советі төрағасымен бекітіліп, мектеп директорымен келісілді.

     Мектеп жанынан құрылған Попечительский советі құрамын тағайындауларымен құттықтай отырып, жұмыстарына сәттілік тілейміз!