РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТА «ӨМІРГЕ ҚҰШТАР БАЛА...» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АУДАНДЫҚ ФОРУМ » Еңбекші орта мектебі
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Версия для
слабовидящих
» » РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТА «ӨМІРГЕ ҚҰШТАР БАЛА...» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АУДАНДЫҚ ФОРУМ
23
апрель
2025

РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТА «ӨМІРГЕ ҚҰШТАР БАЛА...» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АУДАНДЫҚ ФОРУМ

РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚТА «ӨМІРГЕ ҚҰШТАР БАЛА...» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН АУДАНДЫҚ ФОРУМ

     2025 жылдың 23 сәуір күні Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) жылдағы дәстүрмен ағымдағы оқу жылындағы тірек олрта мектебі мен магниттік мектептер арасындағы бірлескен жұмыстардың нәтижесін қорытындылау, оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына өзіндік жауапкершілік пен сенімділік қалыптастыру мақсатында форум ұйымдастырылып, форумның тәжірибелік бөлімінде барлығы 5 мектеп оқушыларымен командалық жұмыстар жүргізілді.

     Командалар өз кезегінде форумның тақырыбы және жұмыс түріне сәйкес ұлы ғұлама, атақты ақын, жазушылардың еңбектеріне сүйене отырып, түрлі көріністер қою және басқа да өнерлері арқылы өздерінің өнерлерін ортаға салды.

     Мектебіміздің оқушылар командасы топтың атын «Ішкі әлем» деп алып, оны: Ішкі әлем - адамның жан дүниесін, рухани байлығын, ойларын, сезімдерін, ар-ұжданын, ішкі сенімдері мен көзқарастарын білдіретін ұғым деп түсіндірді.

     Форум нәтижесі бойынша мектебіміздің оқушылар командасы жүлделі екінші орынды иеленіп, марапатталды. Сондай-ақ, Тірек мектебі тарапынан «Лучший сынып», «Лучший кабинет» сынды т.б. марапаттаулармен бір топ педагогтер қауымымыз да марапатталып, қуанышқа бөленді.

     Жыл қорытындысы бойынша ұйымдастырылған тамаша форум үшін Мақатаев мектебі ұжымына зор алғысымызды білдіреміз!   

     Тірек мектебімен бірлескен нәтижелі жұмыстарымыз жандана берсін!