"Мектеп асханасы" республикалық акциясы аясында » Еңбекші орта мектебі
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Версия для
слабовидящих
» » "Мектеп асханасы" республикалық акциясы аясында
25
февраль
2020

"Мектеп асханасы" республикалық акциясы аясында

     Еңбекші орта мектебінде 2019-2020 оқу жылының басынан оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамту жұмыстары өз деңгейінде ұйымдастырылуда. Оқу жылы басынан мектептің 2019 жылғы 29 тамыздағы №90 бұйрығымен тегін ыстық тамақты ұйымдастыру, сондай-ақ, №91 "Мектепте тегін тамақтандыру сапасына бақылау жүргізу үшін бракеражды комиссия құру туралы" бұйрық және №92 бұйрығымен "Мектепте білім алушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу туралы" мониторинг комиссия құрамы құрылып, бекітілді. Жоспарлы жұмыс жүргізілді.
     Жамбылская область Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы №59 бұйрығын орындау мақсатында, мектепте а.ж. 27 қаңтар күні №15 "Мектеп асханасы" республикалық акциясын өткізу туралы" бұйрығы шығарылды. Аталған бұйрыққа сәйкес, іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.
Акция шеңберінде жоспарды жүзеге асыру мақсатында ең алдымен мектеп әкімшілігі ұжыммен, оқушылармен және ата-аналармен кездесу өткізіп, «Мектеп асханасы» акциясын жариялап, бұйрықпен таныстырды.
     Акцияның алғашқы күндері оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу және бақылау жасау жөнінде мониторинг және бракераждық комиссиясы отырысын өткізіп, акция барысында жұмысты белсенді жүргізу бойынша іс-шаралар қабылдады. Нәтижесінде комиссия құрамы асхана жұмысына бақылауды күшейтіп, жұмыс барысында асханаға жеткізілген азық-түліктер сапасын зерделеп, келген азық-түліктерді тізім бойынша түгелдеп, сақтау мерзіміне назар аударып, акт жасау арқылы қабылдап отырды. Сондай-ақ, тағамдар мен тамақ өнімдерінің күнделікті ас мәзіріне сәйкес болуын қадағалады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына сәйкес, асханадағы санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына, яғни тазалық, асханадағы тоңазытқыштың дұрыс жұмыс істеуіне, ондағы заттардың бөлек сақталуына және аспазшының гигиеналық талаптарды қатаң сақтауына бақылау жүргізді. Сонымен қатар, асханада тиісті құжаттардың, сараптама нәтижелеріне арналған бракераждық, т.б. журналдардың сапалы әрі уақытылы жүргізіліп отыруын бақылады.
     Сондай-ақ, «Мектеп асханасы» акциясы барысында жоспарға сәйкес әр аптаның бейсенбі күндері «Ашық есік» күні болып жарияланып, мектепке ата-аналар қауымы тартылып, асхана жұмысының тыныс-тіршілігімен таныстырылды. Ата-аналар мектепте балаларға берілетін тамақ сапасын байқап, қанағаттанарлық бағаларын берді. Мектеп бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы да акция барысында белсенділік танытып, іс-шараларға өзімен қоса ата-аналардың да көптеп қатысуына ықпал етті.
      Акция шеңберінде мектеп психологы оқушылардан тамақтану сапасының деңгейін анықтау, дұрыс тамақтану, гигиена туралы пікірлерін анықтау мақсатында сауалнамалар алып, қорытындысын шығарып отырды. Сауалнама қорытындысы нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларына дұрыс тамақтану, гигиена тақырыптарында толығырақ түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі байқалып, мектеп медбикесі және сынып жетекшілері осы бағытта баяндама, диктант, сынып сағаттарын жүргізді. Мектептің әлеуметтік педагогы осы жұмыстарды жоғары сынып оқушыларымен жүргізіп, өздерінен кіші балаларға үнемі ескертіп отыру қажет екенін түсіндірді.
      «Мектеп асханасы» акциясы барысында 1 сынып мұғалімдері оқушылармен «Денсаулық – зор байлық», «Дәрумендердің ағзаға пайдасы» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізсе, медбике мен биология пәнінің мұғалімі «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі», «Жеке бас гигиенасын және қоғамдық гигиенаны сақтау» тақырыптарында баяндамалар жасады.
Мониторинг комиссиясы мен мектеп әкімшілігі акция кезінде асханадағы азық-түліктің сапасына, күнделікті ас мәзіріне сәйкес нормалардың сақталуы мен астың сапалы берілуіне көп көңіл бөліп бақылау жүргізді. Акция соңында отырыс өткізіп, жоспарға сәйкес, «Мектеп асханасы» республикалық акция жұмысын қорытындылады.