26
апрель
2022
ЕНТ 2022: басты жаңашылдықтар қандай?
Құрметті ЕНТ-ға қатысушылар!
Сіздердің назарларыңызға 2022 жылғы ЕНТ форматына енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты ұсынамыз.
Сонымен, не өзгерді және сол қалпында қалады:
Түлектердің өтініштері мен қалауларын ескере отырып, биыл грантқа үміткерлерге ЕНТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі берілді.
Бұл ретте талапкерлер екі мүмкіндікте бейінді пәндердің бір комбинациясын ғана таңдай алады.
"Құқық" білім беру саласы бойынша шекті балл өзгерді және 75 балды құрады. Білім берудің басқа салалары бойынша өзгерістер жоқ.
ЕНТ-ның базасында "қазақстан тарихы" пәні бойынша тест тапсырмаларының саны өзгеріссіз сақтала отырып контекстік тест тапсырмалары енгізілді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша тестілеу уақыты (40 минут) берілді. Сонымен қатар, оларға суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды.
ЕНТ барысында компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі, сондай-ақ металдардың белсенділік қатары қосылған тұздардың ерігіштік кестесі болады.
ЕНТ-ға қатысушыларға тестілеу аяқталғаннан кейін экранда, сондай-ақ Жеке кабинетінде жеке тақырыптық талдау қолжетімді болады. Бұл тестіленушілерге әр пәнді меңгеру деңгейін түсінуге мүмкіндік береді.
Академиялық адалдықты сақтау мақсатында тестіленушілердің тест слабовидящих таңбаланатын болады. Яғни, ЕНТ-ның әр қатысушысының жеке тест слабовидящих болады. Ережелерді бұзған немесе тест тапсырмаларын аудиториядан шығаруға талпынған жағдайда ереже бұзушылар анықталып, олардың нәтижелері жойылады.
Информациятық қауіпсіздік мақсатында тестілеу "1 компьютер - 2 камера - 1 тестіленуші" қағидаты бойынша жүргізіледі. Енді әр тестіленушінің тест тапсыру орында жеке басын (Face ID) сәйкестендіруге және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін екінші (фронталды) камера орнатылған.
2022 жылғы түлектер үшін одан да көп білім беру орталықтарының қолдауымен тегін онлайн сабақтар жүргізіліп жатыр. Сабақтар орталықтардың You Tube арналарында тікелей эфирде өтеді, олар міндетті түрде сақталады.
Осылайша, тестіленушілер ыңғайлы және қобалжусыз ЕНТ тапсыруы үшін барлық жағдай жасалып жатыр.