17
июль
2024
2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ КҮНТІЗБЕСІ
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫ БЕЛГІЛЕНДІ
🖌ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2024–2025 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті.
🛎Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылы 1 қыркүйекте басталды, 25 мамырда аяқталады. Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта, күзгі каникул 28 қазаннан 3 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады. Екінші тоқсанда 8 оқу аптасы, қысқы каникул 2024 жылдың 30 желтоқсанында басталады, 2025 жылдың 8 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады. Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2025 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады.
📌Айта кетейік, жыл сайын бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда қосымша демалыстар беріледі, ұзақтығы 7 күн – 2025 жылдың 10 ақпанынан 16 ақпанға (қоса алғанда) дейінгі уақытты қамтиды. Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды. Сондай-ақ 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады.
