Жазғы айларда күннің көзі ысып, суға шомылу маусымы да басталып кетті. Осы орайда Еңбекші орта мектебінің әкімшілігі мен мұғалімдер, жауапты қызметкерлер мен сынып жетекшілер тарапынан 2021-2022 оқу жылы барысында жалпы ата-аналар жиналыстарында, жоспарлы сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларда суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жалпы су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын үзбей жүргізіп келді. Сондай-ақ, қауіпті су аймақтарында ескерту белгілері қойылып, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар WhatsApp желісі арқылы ата-аналар чаттарына, мектептің әлеуметтік парақшаларына жарияланды. Бұл жұмыстар бақылауда болып, өз жалғасын табуда.
Дегенмен, қазіргі жазғы маусым науқанында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Еңбекші орта мектебінің әкімшілігі ЕСКЕРТЕДІ: ата-аналар мен ересектер тарапынан houseжағдайында балаларға үнемі СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАТАҢ САҚТАУ, СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ ҰСТАНУ жөнінде түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізу қажет!
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтайық!