Мектепте жүргізілетін профилактикалық бақылау шаралары туралы » Еңбекші орта мектебі
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Version for
visually impaired
» » Мектепте жүргізілетін профилактикалық бақылау шаралары туралы
20
февраль
2025

Мектепте жүргізілетін профилактикалық бақылау шаралары туралы

     2025 жылдың 20 ақпан күні мектеп ұжымымен жиын өткізіліп, күн тәртібінде "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Zhambyl regionның Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 19-17-2-296 хабарламасы таныстырылды.
     Мектеп директоры Т.Майкеев хабарламада көрсетілгендей, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған білім беру жүйесіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес, Департамент тарапынан Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-2-бабының 4-тармағы негізінде, 2025 жылдың наурыз айында бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің басталатыны туралы және қосымша профилактикалық бақылаудың мақсат, міндеттері мен өлшемшарттары туралы түсіндіріп, жүргізілетін бұл шара нәтіижесінде заңға сәйкес білім беру ұйымындағы шешімін күткен (материалдық-техникалық базаның нығайтылуы, оқу, жұмыс кабинеттерінің жетіспеушілігі т.б.) мәселелер оң шешімін табуға тиіс екенін айтты.