"Дені сау ұлт - Ел болашағы" атты мини футболдан аймақтық жарыс
Шу ауданы Еңбекші ауылында, 2021 жылдың 8 қазан күні, Еңбекші орта мектебінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мұғалімдер арасында «Дені сау ұлт – ел болашағы!» атты аймақтық мини футбол турнирі өткізілді.
Аталған турнирге аймақ бойынша Домалақ-Ене атындағы орта мектебі, Б.Момышұлы атындағы орта мектебі және Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі командалары жоғары белсенділікпен қатысты.
Турнир өзара тартысты өтті.
Нәтижесі бойынша: Б.Момышұлы о.м. командасы жүлделі бірінші орынға ие болса, Домалақ-Ене о.м. командасы жүлделі екінші орын және Ш.Уалиханов о.м. командасы жүлделі үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ қатысушы командалардан үздік танылған ойыншылар да марапатталды.
Осы орайда, Еңбекші орта мектебінің әкімшілігі турнирге қатысушы әріптестерімізге белсенділіктері үшін алғыстарын білдіре отырып, жеңістерімен құттықтайды.