06
October
2021
ПАЙДАЛЫ АҚПАРАТ: Бастауыш сыныптардағы пәндер бойынша БЖБ саны
Аптасына 1 сағаттық оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Аптасына 2 және одан көп сағаттық оқу жүктемесі кезінде БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер / ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.
Сілтеме: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әлеуметтік желідегі парақшасынан