ҰБТ 2022: басты жаңашылдықтар қандай? » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ 2022: басты жаңашылдықтар қандай?
26
апрель
2022

ҰБТ 2022: басты жаңашылдықтар қандай?

Құрметті ҰБТ-ға қатысушылар!

Сіздердің назарларыңызға 2022 жылғы ҰБТ форматына енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты ұсынамыз.


Сонымен, не өзгерді және сол қалпында қалады:


  • Түлектердің өтініштері мен қалауларын ескере отырып, биыл грантқа үміткерлерге ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі берілді.

  • Бұл ретте талапкерлер екі мүмкіндікте бейінді пәндердің бір комбинациясын ғана таңдай алады.

  • "Құқық" білім беру саласы бойынша шекті балл өзгерді және 75 балды құрады. Білім берудің басқа салалары бойынша өзгерістер жоқ.

  • ҰБТ-ның базасында "қазақстан тарихы" пәні бойынша тест тапсырмаларының саны өзгеріссіз сақтала отырып контекстік тест тапсырмалары енгізілді.

  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша тестілеу уақыты (40 минут) берілді. Сонымен қатар, оларға суретсіз, сызбаларсыз және диаграммаларсыз тест нұсқалары жасалды.

  • ҰБТ барысында компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі, сондай-ақ металдардың белсенділік қатары қосылған тұздардың ерігіштік кестесі болады.

  • ҰБТ-ға қатысушыларға тестілеу аяқталғаннан кейін экранда, сондай-ақ Жеке кабинетінде жеке тақырыптық талдау қолжетімді болады. Бұл тестіленушілерге әр пәнді  меңгеру деңгейін түсінуге мүмкіндік береді.

  • Академиялық адалдықты сақтау мақсатында тестіленушілердің тест нұсқасы таңбаланатын болады. Яғни, ҰБТ-ның әр қатысушысының жеке тест нұсқасы болады. Ережелерді бұзған немесе тест тапсырмаларын аудиториядан шығаруға талпынған жағдайда ереже бұзушылар анықталып, олардың нәтижелері жойылады.

  • Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында тестілеу "1 компьютер - 2 камера - 1 тестіленуші" қағидаты бойынша жүргізіледі. Енді әр тестіленушінің тест тапсыру орында жеке басын (Face ID) сәйкестендіруге және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеуге мүмкіндік беретін екінші (фронталды) камера орнатылған.

  • 2022 жылғы түлектер үшін одан да көп білім беру орталықтарының қолдауымен тегін онлайн сабақтар жүргізіліп жатыр. Сабақтар орталықтардың You Tube арналарында тікелей эфирде өтеді, олар міндетті түрде сақталады.

  • Осылайша, тестіленушілер ыңғайлы және қобалжусыз ҰБТ тапсыруы үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

       Естеріңізге сала кетейік, ҰТО ҰБТ-2022 бейнежазбасын күнтізбелік жыл соңына дейін қарайды, сондықтан барша талапкерлерді академиялық адалдықты сақтауға шақырады.