"Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" түлектерге аттестат тапсыру салтанаты » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" түлектерге аттестат тапсыру салтанаты
17
июнь
2022

"Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" түлектерге аттестат тапсыру салтанаты

2022 жылдың 17 маусым күні мектебімізде мектеп дәстүрлерін насихаттау және сақтау, білім құндылықтарын қалыптастыру, білім туралы құжатты алудың адам өміріндегі  маңыздылығы, патриотизмге тәрбиелеу, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау, Жаңа Қазақстанның қайратты азаматтары болуға тәрбиелеу мақсатында "Балалар жылы" аясында 2021-2022 оқу жылының түлектеріне арналған "Түлек 2022 - Жаңа Қазақстанның ертеңі" атты салтанатты аттестат тапсыру жиыны ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталған жиынға зиялы қауым өкілдері мен ауылдың құрметті азаматтары, ата-аналар қатысып, биылғы жылы "Алтын белгі" аттестатының иегері Мырзақұл Ш., "Үздік аттестат" иегерлері Ахтай Н. мен Нығман Ғ. түлектерімізді құттықтап, барша 9 бен 11 сынып түлектеріне ізгі лебіздерін білдірді.

Мектеп ұжымы да түлектерімізге қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларына тілектеспіз!