Жазғы айларда күннің көзі ысып, суға шомылу маусымы да басталып кетті. Осы орайда Еңбекші орта мектебінің әкімшілігі мен мұғалімдер, жауапты қызметкерлер мен сынып жетекшілер тарапынан 2021-2022 оқу жылы барысында жалпы ата-аналар жиналыстарында, жоспарлы сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларда суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жалпы су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын үзбей жүргізіп келді. Сондай-ақ, қауіпті су аймақтарында ескерту белгілері қойылып, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар WhatsApp желісі арқылы ата-аналар чаттарына, мектептің әлеуметтік парақшаларына жарияланды. Бұл жұмыстар бақылауда болып, өз жалғасын табуда.
Дегенмен, қазіргі жазғы маусым науқанында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Еңбекші орта мектебінің әкімшілігі ЕСКЕРТЕДІ: ата-аналар мен ересектер тарапынан үй жағдайында балаларға үнемі СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАТАҢ САҚТАУ, СУҒА ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ ҰСТАНУ жөнінде түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізу қажет!
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтайық!