АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! ХАБАРЛАНДЫРУ! » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! ХАБАРЛАНДЫРУ!
28
апрель
2023

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! ХАБАРЛАНДЫРУ!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Еңбекші орта  мектебі» КММ 2022-2023 оқу жылындағы соңғы қоңыраудың өткізілу тәртібі бойынша, ата-ана және оқушы тарапынан ақша жинауға, көліктерде серуендеуге, табиғатқа саяхатқа шығуға қатаң тыйым салынатындығын ескертеді!

Сондай-ақ, қазіргі таңдағы өзкті мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау, оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында:

- мектепке бітіруші түлек ретінде сыйлық бермеу;

- мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшілерге, пән мұғалімдеріне сыйлықтар беруге тыйым салу;

- мерекеге байланысты аниматорларды жалдауға тыйым салу; 

- соңғы қоңырауда мектеп оқушылары бірыңғай мектеп формасын кию;

- соңғы қоңырауда көліктерде серуендеуге тыйым салу;

- кафе немесе көңіл көтеретін орындарда отырыс жасауға, тауға немесе табиғатқа саяхат жасау сияқты ақша жиналатын және құқықбұзушылық орын алатын фактілерді болдырмау мақсатында жол берілмейді!

- Мектеп әкімшілігі тарапынан емтихандар кезінде ақша жинау, дастархан жаю, гүл сыйлауға болмайтынын қатаң ескертеді!

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне опат әкеледі» - деп Әл-Фараби ғұлама бабамыз айтқандай, жас ұрпаққа саналы тәлім-тәрбие беруді, оларды адалдыққа, парасаттылыққа, ашықтыққа ұстаздар болып, ата-ана болып, ең бастысы қоғам болып қолға алып тәрбиелеп, болашағымызды жарқын етейік! 

Еңбекші ор та мектебінің әкімшілігі. Байланыс тел. 87071976173