Мектепте сейсможаттығу өткізілді » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепте сейсможаттығу өткізілді
16
ноябрь
2023

Мектепте сейсможаттығу өткізілді

       Мектептің жылдық жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 қараша күні төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жалпы объектілік жаттығу ұйымдастырылып, өткізілді. 

       Нақтырақ айтқанда, мектеп қызметкерлері мен білім алушылардың жер сілкінісі кезінде іс-қимыл әрекеттерін машықтандыру мақсатында оқытудың екі ауысымында арнайы «Жер сілкінісі» (екі қысқа бір созылмалы қоңырау) дабылы беріліп, барлық ұжым мен білім алушылардың қауіпсіз жерге шығарылуы, медбике, құтқару жасақтарының әрекеттері шыңдалды. Сондай-ақ мектеп директоры, азаматтық қорғаныс басшысы - Т.Майкеев пен алғашқы әскери даярлық жетекшісі Далабаев Н.Б. тарапынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сейсможаттығуға жалпы 150 білім алушылар мен ұжымнан 45 мектеп қызметкері қатысты.

Аталған төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары алдағы уақытта да жоспарға сәйкес өз жалғасын табатын болады.