Жалпы ата-аналар жиналысы » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы ата-аналар жиналысы
27
сентябрь
2023

Жалпы ата-аналар жиналысы

   2023жылдың 27 қыркүйек күні, мектебімізде  "Біртұтас тәрбие бағдарламасын" іске асыру жөнінде, отбасының, білім беру мекемесінің, қоғамның байланысын нығайтуға жәрдемдесу, мектептің қызмет ету тәртібіндегі өзгерістер мен жаңа енгізілімдер туралы ата-аналарды хабардар ету, сондай-ақ ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету мақсатында "Жалпы ата-аналар жиналысы" ұйымдастырылып, өткізілді.
   Жиналыстың күн тәртібінде: Ата-аналар комитетін қайта сайлау;
                                    "Мектепке жол" акциясының қорытындысы;
                                     Мектептің ішкі тәртібі;
                                     Мектеп оқушыларын тегін тамақтандырумен қамту жағдайы; 
                                     Жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары;
                                     "Ата-ананың бала тәрбиесіне әсері", "Бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеті"
тақырыптар қаралды.
   Мектеп директоры Т.Майкеев өз тарапынан жиналысқа қатысушыларға жаңа 2023-2024 оқу жылының ерекшеліктері, мектептегі оқушылардың тегін тамақтандырылу жағдайы туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектепке, мектеп қызметкерлеріне мереке қарсаңында және кез келген уақытта ақша жинау немесе сыйлық жасау фактілерін болдырмау жөнінде қатаң  ескерте отырып, адалдық пен парасаттылықты ұстануға шақырды.