Мектеп директорының қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар ұжымы алдындағы есептік кездесуі туралы » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп директорының қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар ұжымы алдындағы есептік кездесуі туралы
21
май
2022

Мектеп директорының қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар ұжымы алдындағы есептік кездесуі туралы

       Еңбекші орта мектебінде 2022 жылдың 21 мамыр күні, сағат: 11.00-де мектеп директорының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында есеп беру кездесуі өткізілді. Кездесуге мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңесінің мүшелері, Ескі-Шу ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы – Саулебаева Айгерім, мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы – Жастықбаева Қарлығаш және сыныптар бойынша ата-аналар комитеттерінің төрайымдары мен мүшелері, ата-аналар қатысты.

       Кездесудің күн тәртібінде: 2021-2022 оқу жылында Еңбекші орта мектебін ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы; оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы; оқушылардың қауіпсіздігі; қамқоршылық кеңесінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту және 2021-2022 оқу жылын аяқтау, мектеп бітірушілер жиыны, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру және ағымдағы жөндеу жұмыстары туралы мәселелер қаралды.

      Мектеп директоры Майкеев Т.Ж. өз баяндамасында есептік кездесуге келген ата-аналарға күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша толық мәлімет берді. Кездесу соңында қонақтар мектеп ғимаратын аралап, мұғалімдер мен оқушылардың жұмыс орындарымен танысты. Сондай-ақ, мектеп асханасы мен ішкі әжетханалардың қалыпты жағдайда жұмыс жасап тұрғанын көріп, өздерінің қанағаттанарлық бағаларын берді.