ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫНАН » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫНАН
21
сентябрь
2022

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫНАН

       Шу ауданы Еңбекші орта мектебінде ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» бұйрығын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңының 5-бабының 34-1) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VІ ҚРЗ «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 5-бабының 3-тармағы мен 16-бабының 1-тармағын орындау мақсатында мектеп ұжымымен Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы өткізілді.

          Кеңес отырысының күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес, мектеп директоры Т.Майкеев мектеп ұжымы мен мектеп жанынан құрылған педагогикалық әдеп кеңесі құрамына мектептегі әдептілік, педагогикалық ахуал туралы баяндап, жалпы педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мен педагогикалық әдептің негізгі нормаларына сәйкес өз ойымен бөлісті. Сондай-ақ, Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Шалибекова М.К. – 2021-2022 оқу жылында кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес мектепте 5 отырыс, педагогтермен 1 брифинг кездесу және «Құқықтық сауаттылық» күні ұйымдастырылғанын атап өтті. Атқарылған жұмыс барысында мектеп ұжымы арасында немесе педагогтардан ешқандай өтініш-шағымдар түспегенін айтып, барлық атқарылған жұмыстар мен отырыстардың хаттамалары жазылып, ұсынымдары шығарылатынын ескертті.

          Мектеп жанынан құрылған педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес 2022-2023 оқу жылында да өз жұмысын жоспарлы түрде жүзеге асыратын болады.