"Ұстаздар күні" мерекесі құтты болсын! » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұстаздар күні" мерекесі құтты болсын!
01
октябрь
2021

"Ұстаздар күні" мерекесі құтты болсын!


                                                                         Құрметті ұстаздар!
         Баршаңызды "Ұстаздар күні" төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде.
Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез-келген шәкірт Ұстазымен мақтанады. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына білім шырағын жағып, нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткіземін деп жүретін Ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Осындай аяулы Ұстаздарымыз - шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы.
         Сіздерге мерейлі төл мерекелеріңізде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!

                                                                                                         Ізгі ниетпен: Еңбекші орта мектебінің әкімшілігі