"1 қыркүйек - Білім күні" мерекесі » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "1 қыркүйек - Білім күні" мерекесі
01
сентябрь
2020

"1 қыркүйек - Білім күні" мерекесі

     Бүгін «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне орай, біздің шағын жинақты Еңбекші орта мектебінде санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, білім алатын оқушылармен дәстүрлі форматта сынып сағаттары салтанатты түрде ұйымдастырылып өткізілді. Бұл іс-шараға арнайы қонақ болып, ауданымыздың мәслихат хатшысы Өміралиев Ержан Көрікбайұлы мен Ескі-Шу ауылдық округінің әкімі Джаманғараев Бақытжан Тұрғынбайұлы қатысты. Қонақтарымыз оқушылардың білім күніне арналған сынып сағаттарын тамашалап, оларға құттықтау тілек айтып, өткен оқу жылында үздік оқыған оқушыларды марапаттау рәсіміне қатысты. Сондай-ақ, мектебіміздің 11 сынып оқушылары, қонақтармен кездесу барысында «Достық. Отаншылдық. Тәрбие» тақырыбы төңірегінде өрбіген әңгіме-сұхбаттан зор әсер алғандарын жасырмады. Мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушылары да қуаныштарын жасырмады. Балапандардың қадамы құтты болсын дей отырып, жаңа 2020-2021 оқу жылында ұстаздар мен әріптестеріме, барша оқушыларымызға зор денсаулық тілей отырып, білім мен тәрбие жолында сәттілік тілеймін! 

        Біз біргеміз!