"Жомарт түлек - 2021" түлектермен кездесу
2021 жылдың 30 сәуір күні, мектебімізде санитарлық талаптарды сақтай отырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен мектеп бітірген түлектерді білім алған мектебіне, сабақ берген ұстаздарына құрмет көрсетуге шақыру, осы мектептен білім алған танымал түлектердің табысты өмір жолын оқушыларға үлгі ету мақсатында «Жомарт түлек - 2021» түлектер кездесуі ұйымдастырылып, өткізілді.
Кездесуге мектептің түлектері, қазіргі таңда Шу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Төлендиев Болатжан Бақытұлы мен «Алтын белгі» төсбелгісін иеленген, қазіргі таңда Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы Абай Нариман Жетпісбайұлы қатысып, өз үлестерімен кездесудің басты мақсатын жүзеге асырып, жоғары сынып оқушыларына бағыт-бағдар берді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында түлектердің қоғамдағы орнын ескере отырып, мектеп кітапханасының «Парасат жолы» орталығында бастауыш сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Алдағы уақытта да түлектермен маңызды кездесу шаралары өз жалғасын табатын болады.