МЕКТЕПТІҢ КЕЗЕКТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ » Еңбекші орта мектебі
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Версия для
слабовидящих
» » МЕКТЕПТІҢ КЕЗЕКТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ
05
январь
2025

МЕКТЕПТІҢ КЕЗЕКТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ

2024-2025 оқу жылының екінші жарты жылдығының алғашқы жұмыс күнінде, яғни 2025 жылдың 5 қаңтар күні мектепте кезекті педагогикалық кеңес отырысы өткізілді.

Жаңа форматта өткізілген кеңестің күн тәртібінде: 2024-2025 оқу жылының бірінші жарты жылдығында атқарылған оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы, біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша сабақтарда құндылықтарды тиімді енгізу барысы, педагог қызметкерлерді аттестаттаудағы жаңа мүмкіндіктер мен өзгерістер, мектеп оқушыларын тегін тамақтандыру сапасы мен 11-сынып оқушыларының ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы қаралды.

Кеңес барысында педагогтер топтық жұмыстар орындап, пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, түсініктерімен бөлісті.

Кеңес соңында қаулы ете отырып, білім сапасын арттыру, тәрбие жұмыстарын жетілдіру, мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, оқушылар қауіпсіздігі, ішкі тәртіп мәселелері бойынша ұсыныстар қабылданып, оқушылардың білімге, жекелеген пәндерге деген қызығушылығын арттыру бағытында нақты тапсырмалар берілді

Сондай-ақ, жиын соңында 2024-2025 оқу жылындағы бірінші жарты жылдықты қорытындылай келе, мектептің оқу-әдістемелік жұмысы мен оқу пәндерінің онкүндік шараларына белсене қатысқан әріптестер мектепішілік марапаттарға ие болды.