02
август
2021
Екпе ал - өміріңді сақта!
Адамзат тарихындағы барлық індеттің жолын кескен – вакцина!
Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатудың жалғыз жолы – жаппай вакцина салдыру. Сондықтан әр адам бұл жағдайға үлкен жауапкершілікпен қарауы керек.
Біз вакцина салдыру арқылы өзіміз үлгі көрсетіп, азаматтық ұстанымымызды танытқымыз келеді. Әрқайсымыз бұрынғы еркін өмірге қайта оралғымыз келеді, сондықтан вакцина салдыру нәтижесінде ешқандай шектеусіз өмір сүре аламыз, өзімізді және жақындарымызды аурудан қорғай аламыз.
COVID-19-ды тоқтатудың нақты жолы вакцина салдыртып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру екенін әрқайсымыз түсінуіміз керек. Ауданымызда вакцина салдыру үшін барлық жағдайлар жасалған, өз қалауымен әр тұрғын таңдаған емханасында вакцинаны ерікті түрде салдыра алады. Сондай-ақ, вакцина салдыру үшін Е-gov, Call-орталықтары немесе емханалардағы жедел жүйелер арқылы алдын ала жазылып қоюға болады, не емханаға тікелей барып салдыртуға да болады.
Баршамыз азаматтық ұстанымымызды пайдаланып, дұрыс таңдау жасау арқылы COVID-19 індетін бірлесе жеңейік!
Аман болайық!