"Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере ала ма?" дөңгелек үстел » Еңбекші орта мектебі
Zhambyl region әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Version for
visually impaired
» » "Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере ала ма?" дөңгелек үстел
03
May
2023

"Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере ала ма?" дөңгелек үстел

Мектебімізде Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта (ресурстық) мектебінің жетекшілігімен 

бабаларымыздың ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибесінің тамырларына мән бере отырып, әке тәрбиесінің маңызын ашу мақсатында "Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере ала ма?" атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс-шара жалпы әкелер өз ойларын ашық ортаға салу, пікір алмасу үшін негізгі үш бөлімнен:

І-бөлім: "Әке тәрбиесі - кеше";

ІІ-бөлім: "Әке тәрбиесі - бүгін";

ІІІ-бөлім: "Әке тәрбиесі - болашақта" жоспарланып өткізілді.

Сондай-ақ, әр бөлімде тақырыпқа сәйкес бейнероликтер көрсетіліп, әке туралы ән, күйлермен көркемделіп, тақырып бойынша берілген сұрақтар төңірегінде ой қозғалып, әңгіме өрбіді.

Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар түгелдей дерлік келіп қатысып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен, құнды пікірлерімен бөлісіп, жас ұрпаққа келелі ой салды.

Бұл дөңгелек үстелдің де мақсаты бала тәрбиесіндегі әке рөлін нығайту, жас өркеннің бойына кішілік пен ізгілік нәрін себу еді.

Аталған іс-шарада жас шәкірттер мен әкелер "Әке үйдің тірегі", "Әкем - мақтанышым" атты тақырыптарында өз ойларын ортаға салды.