"Жомарт түлек" акциясы аясында 20 жылдық түлектермен кездесу » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жомарт түлек" акциясы аясында 20 жылдық түлектермен кездесу
25
май
2021

"Жомарт түлек" акциясы аясында 20 жылдық түлектермен кездесу

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын жүзеге асыру мақсатында, "Туған жерге тағзым" ұранымен "Жомарт түлек" акциясы аясында мектебімізге соңғы қоңырау жиынына арнайы 20 жылдық түлектер келіп, тартымды кездесу ұйымдастырылып, өткізілді. 

20 жылдық түлектеріміз Ұстаздарға өздерінің Алғысын білдіріп, жас ұрпаққа үздік білім алып, биіктен көрінулерін тіледі. Сондай-ақ, іс-шара соңында мектебімізге жалпы сомасы 110000 (жүз он мың) теңгені құрайтын, дәлізге шәкірттеріміздің спорт бағытында алған жетістіктерін қоюға арналған үлкен сөре тарту етті.

Іс-шараның басты қонағы және түлектердің сыйға тартқан сөренің ашылуына қатысқан ауылдық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Даданбаева Асылхан ағамыз.

Еңбекші орта мектебінің ұжымы мен әкімшілігі түлектерімізге Зор алғыс білдіре отырып, алдағы барлық қадамдары мен бастауларына сәттілік тілейді!

Соңғы қоңырау мерекесіне арналған барлық іс-шаралар санитарлық талаптарды сақтай отырып, жүргізілді.