МИНИ ФУТБОЛДАН МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА АЙМАҚТЫҚ ТУРНИР » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МИНИ ФУТБОЛДАН МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА АЙМАҚТЫҚ ТУРНИР
07
декабрь
2023

МИНИ ФУТБОЛДАН МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА АЙМАҚТЫҚ ТУРНИР

🔰 МИНИ ФУТБОЛДАН АЙМАҚТЫҚ ТУРНИР
🥅⚽ Бүгін Еңбекші орта мектебінің ұйымдастыруымен және Шу аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, денсаулықты нығайтып, ой тазалығы мен эмоционалды тұрақтылыққа тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім" ұранымен аудан мектептері мұғалімдері арасында аймақтық кіші футболдан турнир өткізілді. Турнирге жалпы сегіз мектептен командалар қатысты. 
⚜ Турнирдің салтанатты ашылуы мен марапаттау рәсіміне аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Бекмурзина Аида Рашидқызы мен мектеп директоры Т.Майкеев қатысып, спортсүйер қауымға өз тілектерін білдіріп, турнир қортыныдысы бойынша жеңімпаз командаларды марапаттап, кәсіподақ тарапынан спорттық жарақтар сыйға тартты. 
⚜ Аймақтық турнир нәтижесі бойынша жүлделі 🏆🥇 I-орынға ие болған Домалақ Ене атындағы орта мектебінің командасын, 🏆🥈 II-орынға ие болған Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебі командасын және 🏆🥉 III-орынды иеленген К.Әзірбаев атындағы орта мектебі командаларын шын жүректен құттықтай отырып, спорттағы жетістіктері көп болсын демекпіз!