Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүргізілген тактикалық оқу-жаттығу жұмыстары » Еңбекші орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
"Еңбекші орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 275 1992
Оқу-тәрбие бөлімі:
+7(747) 667 8672
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүргізілген тактикалық оқу-жаттығу жұмыстары
23
январь
2024

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүргізілген тактикалық оқу-жаттығу жұмыстары

     2024 жылдың 23 қаңтар күні Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша жұмысты жандандыру, білім алушылар мен мектеп қатысушыларының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» тақырыбында тактикалық оқу жаттығу жұмыстары ұйымдастырылып, өткізілді. 

     Тактикалық оқу-жаттығуға екі ауысымда білім алатын жалпы 154 оқушы мен педагогикалық және техникалық қызметкерлер қатысты. 

     Жаттығу барысында барлық білім алушылар мен қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылып, сабақ кезінде болған педагогтер сыныптағы оқушы саны мен олардың барлығы қауіпсіз жерге шығарылғандығы және сыныпты ешкімнің қалып қоймағаны туралы есеп берді. Сондай-ақ мектеп бойынша АҚТЖ басшысы Майкеев Т.Ж. мен штаб басшысы Дуанбаева К.К., алғашқы әскери және технологиялық даярлық жетекшісі Далабаев Н.Б. мен мектеп медбикесі Серкебаева Д.М. тараптарынан теориялық түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.

     ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ОРЫН АЛҒАН ЖАҒДАЙДА:

«112» жедел құтқару қызметі немесе «101» өртке қарсы қызмет телефон номерлеріне байланысуға болатындығын ескертеміз!